2022 жылдың 9 қыркүйек колледжімізде Денсаулық күніне орай, «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты ұранымен «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Колледж директорының оқу жөніндегі орынбасары Жунусова Б.К. салтанатты жиынды ашып, барлық ұстаздарды, студенттерді осы мерекемен құттықтап, денсаулықтың маңызын түсіндірді. Мұндай іс-шара колледж дәстүріне айналды және студенттердің табысты өмір сүру үшін денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін және салауатты өмір салтын жақсы түсінуі үшін өткізіледі. Дені сау, күшті болу дегеніміз - көп қозғалу және жаттығу. Дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі. Жарыс I-ші және II-ші курс студенттері арасында өткізілді. «Денсаулық күні» бағдарламасы: Арақашықтыққа жүгіру, көңілді старттар, арқан тартыс түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Студенттер спорттық дайындықтарын, қайсарлықтарын, ептіліктерін көрсетті, сонымен қатар табиғат аясында жақсы демалды. Әрқашан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануларыңызға тілектеспіз!