Үстіміздегі жылдың сәуір айының 16-17 жұлдызында Рессей Федерациясында «Локомотив машинисті» (халықаралық қатысумен) мамандығы бойынша ІІІ аймақтық кәсіби шеберлік олимпиадасы өтті.
Бұл кәсіби шеберлік олимпиада Свердлов облысының Нижний Тагил қаласында «Свердлов облысының жалпы және кәсіптік білім министрлілі» және «Свердлов обласының жастар саясаты мен білім басқармасы» мен «Теміржол көліктерінің ресурстық орталығы», «Свердлов аймақтық теміржол басқармасының» қолдауымен ұйымдастырылған.
Олимпияда Нижнетагил теміржол техникумында өтті.
Олимпиядаға Ресей Федерациясының Свердлов облысынан - 5 студент, Челябинск облысынан -3 студент, Омский облысынан, Тюмень облысынан, Пенза облысынан, Пермь аймағынан, Мәскеу қаласынан және де Қазақстан Республикасының атынан Қарағанды облысы Қарағанды теміржол колледжінен барлығы 14 студент қатысты.
ІІІ аймақтық олимпиядаға Қарағанды теміржол колледжінің атынан ТМК-16 тобының студенті Тенгебаев Алимжан қатысты.
Олимпиада 2 күнге созылды.
1 күні: Олимпиаданың ашылуы Нижний Тагил қаласының «Теміржолшы мәдениет» үйінде өтті. Ол жерде олимпиадаға қатысушылар мен әділ қазылармен таныстырылды.
Бірінші турда - теориялық бөлімде тест тапсырды.
Екінші турда - практикалық жұмыстар.
Нижнетагил теміржол колледжінің полигонында келесі 3 тапсырма бойынша сайыстар өтті:
а) Қос доңғалақтың техникалық жағдайын анықтау.
б) СА3 автотіркегішін шашып - жинау және оның техникалық жағдайын тексеру.
в)№394 машинист кранын шашып – жинау
2 күні: Смычко станциясының Эксплуатациалық локомотив депосында келесі 3 тапсырма бойынша сайыстар өтті.
а) ВЛ11 Электровозында орнатылған белгіге дейін жүріп келіп тоқтау.
б) ВЛ11 Торвест- Видео тренажерда берілген станцияның кестесі бойынша жүріп өту.
в) электровоздың экипаж бөлігін тексеру.
Сайыстың қорытындысы бойынша
1 орын - 78,1 баллмен Омск теміржол көлік техникумы.
2 орын – 76,55 баллмен Тюмен көлік технологиясы және қызмет көрсету техникумы
3 орын – 76,1 баллмен Қарағанды теміржол колледжі алды.
Осы кәсіби олимпиадада колледжіміздің студентінің жақсы жетістікке жетуге арнайы пәндер оқытушылары Жумагулов Берік, Шалғынбаев Бақтыбай, еңбек қорғау пәнінің оқытушысы Абдин Дастан дайындады.
Студентті дайындауға және олимпиядаға баруға ұйымдастыру жұмыстарына белсене ат салысқан Қарағанды колледжінің өндірістік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Килыбаев Мертай Башкенович және практикалық бөлімге дайындалуға көмек көрсеткен Қарағанды локомотив пайдалану депосының бастығы Үмбетов Асан Ізтлеуұлына алғыс білдіремін. Қарағанды теміржол колледжінің өндірістік оқыту шебері Жунусова Толкын