Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
100010 Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Локомотивная көшесі 122 а
+7 (7212) 47-27-60
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қарағанды теміржол колледжі" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kjk21.edu.kz/kgdk.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
10.jpg
previous arrow
next arrow

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Қазан айының 4 күні Қарағанды теміржол колледжінде ұстаздар мерекесі аталып өтті. Жыл сайын осы күні колледж  студенттері  ұстаздары мен өндірістік оқыту шеберлерін  таңдандыру үшін барлық шығармашылығын және өнерлерін  ортаға салады. Дәл осы мерекемен қарттар, кәсіптік білім беру мерекелері де қатар келді. Бұл мерекеде колледжіміздің студенттері өздерін білім нәрімен сусындаған ұстаздарын, өндірістік оқыту шеберлерін ерекше ілтипатпен құттықтады. Атап айтатын болсақ,  дәл сол күні әр ұстаздарға ерекше етіп құттықтау хаттарын жолдады, тіпті видеоролик арқылы да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Осы бір атаулы мерекеге арнайы қойылған мерекелік концерттік  бағдарламаға колледжімізге еңбектері сіңген қарт ұстаздар келіп, студенттердің өнерлерін тамашалады. Осы мерекелік іс шарада  студенттеріміз  өз өнерлерін ортаға салып, бірі әсем әуенмен ән айтса, бірі мың бұралып  би биледі. Ал,  көңілді тапқырлар клубының студенттері  арнайы осы айтулы мерекеде өз әзілдерімен орын алды. Кеш соңында студенттер өздеріне тәлім-тәрбие, білім беріп отырған ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын сыйға тартты.