Бүгін яғни 22ші қазан Қарағанды теміржол колледжінің Тепловоз машинисі көмекшісі мамандығында 2ші курста оқып жүрген студенттеріміз күнді Теміртау қаласымен танысу сынып сағатынан бастады. Сабақтар біткен соң өндірістік оқыту шебері Абдин Дастан Жасуланұлымен бірге Теміртау қаласына жол тартты. Топ студенттерімен бірге Теміртау қаласында орналасқан тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына барып, елбасымыздың өмірлік жолымен танысып келді.