Жабдықтың атауы
Электровоз бен жүк вагондарының тежеуіштерін басқару және тежеуіш жабдығының жұмыс принциптерін, құрылысын зерделеуге арналған тренажерлік кешен
Жабдықтың техникалық сипаттамасы
Тренажер кешені теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын үйретуге, біліктілігін арттыруға, жүк локомотивінің, жүк және жолаушылар вагондарының тежеу жабдығының жұмыс қағидаттарын және жүк және жолаушылар поезының тежеу жүйесінде болып жатқан процестерді зерделеуге, қазіргі уақытта теміржолдардағы локомотивтерде, жүк және жолаушылар вагондарында пайдаланылатын нақты тежеу аспаптарымен жұмыс істеу дағдыларымен жұмыс істеу, жеке практикалық жұмыстар мен тест тапсырмаларын орындауға арналған, оқу процесінде алынған білімді бақылау мақсатында жасалған. Тренажер кешенінің жұмысын басқару дербес компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Соленоидты клапандарды, индикаторларды, өлшеу аспаптарын басқару және қысым датчиктерімен деректер алмасу микропроцессорлық контроллердің көмегімен жүзеге асырылады. Тренажердің әр жеке модулінде модуль құрылғыларын басқаратын контроллер бар
Компитенциялар
07160600. Темір жол вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Вагондарды тексеруші
Вагондарды жөндеу жөніндегі Слесарь
07160500.Темір жолының тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Техник-электромеханик
Электровоз машинисінің көмекшісі
Тепловоз машинисінің көмекшісі
Локомотивті жөндеу жөніндегі Слесарь
Электровоз машинисі
Тепловоз машинисі
Тренажер кешенінің зертханалық жұмыстары
- Тежегіш құрылғылардың қажетті параметрлерін түзету
- Локомотивтің пневматикалық схемасы элементтерінің орналасқан жерін анықтау
- Тежегіштерді сығылған ауамен қоректендіру аспаптарын пайдалану қағидалары және олар бұзылған жағдайдағы іс-қимылдар
- Тежегіштерді басқару аспаптарының жарамдылығын тексеру
- Локомотивтегі тежеу аспаптарының жарамдылығын тексеру
- Пойыздардың электропневматикалық тежегіштері
- Ауа құбыры және оның арматурасы
- Локомотивтің тежегіш жабдығының жарамдылығын тексеру
- Локомотивтерде басқару кабиналарын ауыстыру тәртібі. Локомотивті тіркеу және ағыту
- Тежегіштерді орналастыру және қосу тәртібі"
- Поезды тежегіштермен қамтамасыз ету және олардың дұрыс жұмыс істеуі туралы анықтамаға енгізілетін параметрлерді есептеу
- Тежегіштерді толық, қысқартылған және технологиялық сынауды орындау
- Пойыз тежегіштерін басқару
- Стандартты емес жағдайларда локомотив бригадасының іс-қимыл тәртібі
{gallery}images/1000-7/1{/gallery}