Студенттерге тыйым салынады
- оқу тәртібінің өрескел бұзылуы:
- екі апта ішінде дәлелді себепсіз сабаққа келмеу;
- оқу орнының барлық бөлмелерінде және колледж аумағында темекі шегуге
- спирттік ішімдіктерді ішу , оқу орны мен жатақханаға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде келу:
- құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасау.
Жеткіліксіз мінез-құлқы, колледж студенті атағына нұқсан келтіретін қылықтары , білім беру бағдарламасын орындамағаны , оқу тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін студенттерге келесі тәртіптік жазалардың бірі қолданылуы мүмкін:
- ескерту
- сөгіс
- қатаң сөгіс
- келтірілген залалды өтеуге міндетті
Көпшілік алдында кешірім жасау міндетін жүктеу
- КТК студенттер қатарынан шығару
Тәртіптік жазалар теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей қолданылады, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей (студенттің ауырған немесе демалыста болған уақытын есептемегенде ), ол теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қолданылмайды. Егер студент тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.